Үстіміздегі жылдың 4 августына қараған түні болған жекпе-жекте өзбекстандық бапкер жекпе-жектегі үзіліс кезінде Мунарбектің бетіне су сеуіп тұрды және оған жекпе-жек әдістері бойынша қажетті кеңестерін берді.

Мәліметке сәйкес, Мунарбектің жеке жаттықтырушысы Беганас Сұлтанбаев аккредитация мәселесіне байланысты Парижге бара алмаған.

Қиын-қыстау кезеңде көрші елдің спортшысына қолдау көрсеткен өзбекстандық бапкердің бұл шешімін әлеуметтік желі белсенділері Орталық Азияның бауырластығы деп қолдап жатыр.