Жоғары білімде сан емес, сапасын арттыру кезі келді

    Ел назарында 17 Iyun 2021 1160

    Жуырда мемлекетіміз басшысының төрағалығында өткен бейнеселектор жиналысы қоғамымыз дамуының басты салаларының бірі — жоғары білім беру жүйесіндегі ділгірліктерді жою және саланың дамуындағы үстем міндеттерді белгілеуге арналды.

    Жоғары білім беру жүйесін жақсы білетін маман ретінде бұл ділгір мәселенің көтерілуі мені өте қуантты. Шынында да, салада әлі өз шешімін күтіп тұрған проблемалар қаншама және бұл мәселелер жиналыста ашық айтылды.

    Егер сала дамуындағы сандық көрсеткіштерге келсек, соңғы үш жылда жоғары оқу орындарының саны 65-тен 117-ге жеткені, қабылдау квоталары 66 мыңнан 181 мыңға асқаны, шетел мемлекеттерімен қосымша білім бағдарламасы аясында 64 жаңа кәсіп бойынша мамандар дайындау жолға қойылғаны, профессор-оқытушылардың еңбекақысы орташа 3,5 есеге асқаны қуанарлық жайт, әрине.

    Бірақ іс-әрекеттердің нәтижелілігін белгілейтін сапа көрсеткіштеріне келсек, ол бірдей. Сондай-ақ жоғары оқу орындары 2 мыңға жуық пәндер бойынша оқулықтармен қамтылмағаны, оқу бағдарламалары бұдан 40 жыл бұрынғы пәндер мен бағыттар негізінде жасалғаны, оқу үдерісі 2021 жылда бекітілген стандарттар негізінде жүргізіліп жатқаны, өткен кезеңде білімнің халықаралық стандарттары 2 рет жаңадан қабылданған болса, кейбір оқу сабақтары заман және базар талабына емес, профессор-оқытушыларға бейімделгені, 24 жоғары оқу орнының ғылыми әлеуеті 25 пайызға да жетпейтіні, 19 жоғары оқу орнында болса, бірер профессор не ғылым докторларының жоқтығынан, бітірушілер Өзбекстанның еңбек базары талаптарына сапа жағынан жауап бермей жатыр.

    Жиналыста жоғары оқу орнының бағыттары мен еңбек базарындағы заманалық сұраныс арасында да үзіліс өте үлкен екені ерекше айтылды. Сонымен қатар бүгінгі күнде жоғары білім беру мекемелеріндегі 815 бағыттың 55 пайызы еңбек базары талабына жауап бермейді.

    Сондай-ақ қазірде қызмет көрсету саласында 40 мың, өндірісте 38 мың, құрылыста 12 мың, ауыл шаруашылығында 10 мың, байланыс және ақпарат технологияларында 4 мың жоғары білімді талап ететін бос жұмыс орындарының бар екені жоғары білім беру мекемелерінің бітірушілері көлемі жағынан да, сапа жағынан да еңбек базарындағы бұл талапты орындай алмайтынын көрсетеді.

    Саладағы мұндай ділгірліктер ішінде жүйеде сыбайлас жемқорлық жағдайлары өте көп екені де айтылды, мұнда жемқорлық, таныс-біліс, ағайын-туыс, топтар сияқты індеттер де өршіп кеткен. Бұл жөнінде көкейімді кернеп жүрген бірнеше оқиғалар жадыма түсті. Жоғары білім беру мекемелерінде істеп жүрген кезімде топтардың біріне қосылмағаным, топтың таныс-білістері менің пәнімнен өте алмағаны үшін студентті мәжбүрлеп менің үстімнен шағым жаздырғаны және ақырында мен ол орнымнан кеткенім, арадан біраз уақыт өтіп, жұмысқа кіруге байқауларға қатысқанымда олардың кесірінен жұмысқа қабылданбағаным, (ғылыми дәреже және ғылыми атағым болса да, менің орныма сол жоғары оқу орнындағы лауазымдының дәреже және атағынсыз перзентін жұмысқа алғаны) жадыма түсті. Білемін, мұндай індет жоғары оқу орындарында әлі де жалғасуда және мемлекетіміз басшысы ашып айтқан проблемалардың түбінде де саладағы өршіген осындай індеттер жатыр.

    Жиналыста саланы дамыту туралы үстем міндеттерді белгілеп берумен бірқатар бұл міндеттердің нәтижелі орындалатын жолдары да көрсетілді.

    Оқытылып жатқан пәндерді тұрақты қайта қарау, қайталауларды қысқарту, мамандық пәндерді көбейту, студенттерге тәуелсіз ғылыми іздену үшін мүмкіндіктер жасау, докторантураға квоталар санын арттыру, шет мемлекеттерден оқу және ғылыми әдебиеттерді тікелей сатып алу, оқу үдерісін ұйымдастыру мен басқаруды толық цифрландыру, студенттердің жатақханаға сұранысын қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ серіктестік қатынастарын орнату сияқты белгіленген міндеттердің орындалуы жоғары білімді мамандар санының көбеюіне, немесе олардың сапасын арттыруға негіз болады.

    Бір сөзбен айтқанда, белгіленген міндеттердің орындалуы салада ғылыми әлеуеттің одан әрі жетілдіруіне, базар талаптарына сәйкес мамандар дайындалуына, сыбайлас жемқорлықтың барлық көрінісін жоюға қызмет етеді.

    Зафар Худайбердиев,

    Олий Мажлистің Заң шығару

    палатасының депутаты, экономика ғылымының докторы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates