Ақалтында ауданаралық перинаталдық орталық жұмыс бастады

    Денсаулық 24 Oktabr 2023 1733

    Сырдария облысы Ақалтын аудандық медициналық бірлестігінің негізінде ауданаралық перинаталдық орталық жұмыс бастады.

    Бұл жаңа медициналық мекемеде бір уақытта Ақалтын, Мирзаабад, Сардобада жасайтын 70 жуық туу жасындағы әйелдерге перинаталды, неонаталды және педиатриялық қызмет көрсетілуіне жағдай жасалған.

    Заманалық медициналық орталықтың құрылуы енді шалғай жерлерде де аналар мен балалар денсаулығын нығайтуда жүкті әйелдерге көмек көрсету, нәрестелерді перинаталдық скрининг тексеруден өткізуге, ең бастысы, туа біткен кемістіктерді ерте анықтауға және мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік бар.

    Орталық ашылғанға дейін жас ата-аналар бұл қызметтер үшін облыс орталығына 35-40, тіпті 50 шақырым жол жүруге мәжбүр болса, қазір бұл орталық жұмыс істеп тұрғандықтан, мұндай әуре-сарсаң болуға қажет жоқ.

    Перзентхана кешенін қайта реконструкциялауға 760 миллион сум жұмсалып, бұл жұмысты облыстағы «Универсал тезкор сервис» жауапкершілігі шектеулі қоғамның құрылысшылары жүргізді. Сондай-ақ, жаңа кешенді Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан құны 547 миллион сум болатын, жоғары технологиялық мүмкіндіктері бар «My Lab» маркалы көп функциялы УДТ аппараты, кардиомонитор, фото лампа, Сепап және осыған ұқсас құрылғылармен, медициналық жабдықтармен жиқаздалған.

    Жаңа орталықтың мүмкіндіктері өте кең, балалар реанимация бөлімі, интенсивті терапия бөлімдері қызметі жолға қойылғаны мерзімінен бұрын шала туылған және денсаулығында кемістігі бар сәбилерге медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

    – Ауданымызда құрылған ауданаралық перинаталдық орталық Сардоба, Ақалтын, Мирзаабад аудандарының, сондай-ақ Жызақ облысының Гагарин аудандарының алыс және шалғай елді мекендерінде тұратын бала туу жасындағы әйелдерге перинаталдық, неонаталдық және педиатриялық қызмет көрсетеді, – дейді Сырдария облыстық перинаталдық орталығының директоры, акушер-гинекологы Ханифа Садиқова.

    Ғулом Примов,

    Сардария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің қызметкері.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates