Шараға Президент Администрациясы, Нашақорлық пен атыс қаруын бақылау агенттігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі, Кеден комитеті, Мемлекеттік шекараны қорғау комитеті, Бас прокуратура, Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаменті, Экология комитетінің инспекциясы, Ұлттық гвардия және басқа да жауапты ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиналыста қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз қару айналымының алдын алу және қолданыстағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Жуапты кеңселер тарапынан атыс қаруын тіркеуге алу, пайдалану ережелерінің сақтау, заңсыз қару-жарақ айналымын жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талданды. Сондай-ақ, анықталған кемшіліктер мен оларды жою шаралары жөнінде пікір алмасылды.

Атап өтілгендей, заңсыз қару айналымы қылмыс пен қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіреді. Осыған байланысты бұл бағытта профилактикалық шараларды күшейту, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңейту және мекемелер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттілігі атап өтілді.

Мекемелер арасында жедел ақпарат алмасуды жолға қою мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда бірыңғай электрондық деректер базасын қалыптастыру, жедел арналар арқылы ақпарат жеткізу жүйелерін жетілдіру және бірлескен іс-шаралар өткізу қажеттігі айтылды. Ақпарат алмасудың тиімділігі заңсыз қару айналымын дер кезінде әшкерелеуде шешуші фактор екені баса айтылды.

Сонымен қатар, жиналыста атыс қаруын есепке алуда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, бірыңғай платформа құру, электрондық бақылау механизмдерін жетілдіру және құқық бұзушылықтарға қатысты қатаң шаралар қолдану бойынша нақты міндеттер белгіленді.

Шара қорытындысында құқық қорғау органдары өкілдерімен бірге атыс қаруы айналымына тиімді бақылау орнату, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін сенімді қорғау бағытында қосымша шаралар әзірлеу жөнінде келісімге қол жеткізілді.