Қаулыға орай, 2025 жылдан бастап әр 18 айда – көктемде немесе күзде Арал мәдениеті саммиті өткізіледі.
Бірінші Арал мәдениеті саммиті Самарқант климат форумымен үйлестіріп, 2025 жылдың 4-6 апрель күндері Самарқант және Нөкіс қалаларында жоғары деңгейде ұйымдастырылады.
Арал бойында және әлемнің басқа аумақтарында туындаған экологиялық проблемаларды талқылау және ақылға қонымды шешімдерді ұсыну үшін жаһандық платформа жарату Саммиттің негізгі мақсаты мен бағытытарының бірі етіп белгіленді.
Арал мәдениеті саммитіне дайындық және оны өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылды.
Мәлімет ретінде: БҰҰ-ның 2023 жылдың 22-24 март күндері Нью-Йорк қаласында өткен су ресурстарына арналған конференциясында Өзбекстан тарапынан Арал мәдениеті саммиті жобасын жүзеге асыру бастамасын көтерген болатын.