Ташкент қаласының әкімі қонақтарды қарсы алып, еліміз арасында тарихтан қалыптасқан көршілік байланыстарды білім, АКТ, туризм, өнер мен мәдениет салаларында жүйелі ынтымақтастықты орнату және бірлескен музыка, кино және театр фестивальдерін өткізу арқылы тұрақты дамыту мен нығайту қажет екенін айтты.

А.Мамбетов қабылдау мен қонақжайлылыққа алғыс білдірді.Ташкентке көп келетінін, әр сапары кезінде өзі үшін қандайда бір жаңалық ашатынын, сол себепті, қаламыз қызметінің  жақсы тәжірибесін үйрену үшін Оштан үлкен ұжым болып келгенін айтты. Ташкент қаласының әкімі Ж.Ортиқхужаевтың бастамасын қолдап-қуаттады, мемлекетаралық тауар айналымының өсіп жатқанына, өзбек автобустары мен арнайы техникалар Қырғызстанға жедел импорт жасалып жатқанына, сондай-ақ өзара мәдени-гуманитарлық дамуды мақсат еткен, 200 миллион долларлық жарғы қорына ие өзбек-қырғыз қорының нәтижелі қызметіне айрықша тоқталды.

Үстіміздегі жылдың сентябрь айында Ошта Бабыр атындағы театрдың қайта жөндеуден шығарылып жатқанын айтып, Ташкент делегациясын оның ашылуына шақырды. А.Мамбетов қазірде Ошта 100-ге жуық көппәтерлі үйлер құрылып жатқанын айтты және Ташкенттегі Технопаркте жасалып жатқан лифт қондырғыларын сатып алуға, кейіншелік бірлесіп шығаруды жолға қоюға қызығушылық  білдірді.

Ж.Ортиқхужаев Ташкентке деген қызығушылығы үшін қонақтарға ризашылық білдірді, өзара ынтымақтастыққа және жақын көршілеріміздің идеялары мен бастамаларын қолдап-қуаттауға дайын екенін тілге тиек етті. Кездесу соңында делегация мүшелері Цифрлы даму департаментінің Жағдайлар орталығының мүмкіндіктерімен, тағы басқа да өнімдермен танысты, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.