Жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау басталды

    Білім 5 Iyun 2025 1960

    Абитуриенттер 5 июньнен 25 июньге дейін тіркелуі қажет.

    Президенттің ПФ-81-санды Жарлығына сәйкес, жоғары оқу орындарының бакалавриатына қабылдау үдерісі екі басқышта – «алдымен тестілеу, соң байқау» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.

    1-басқышта абитуриенттер жыл сайын 5 июньнен 25 июньге дейін (25 июнь күні де) тест тапсыру үшін my.uzbmb.uz сайтында онлайн тіркеліп, төмендегілерді таңдайды:

    Тек тестке қатысқан жағдайда:

    пәндер кешені;

    білім беру тілі;

    тест тапсыру аумағы.

    Егерде ерекше дарындылық талап етілетін білім беру салалары бойынша кәсіби/шығармашылық емтихандарға қатысса:

    білім беру тілі;

    тест тапсыру аумағы;

    ерекше дарындылықты қажет ететін білім саласы;

    кәсіптік (шығармашылық) емтихандар өткізілетін университет.

    Университетке түсу емтихандары июль, август айларында өткізіледі.

    2-басқышта абитуриенттер қабылдау емтихандары толық аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде my.uzbmb.uz сайты арқылы төмендегілерді таңдайды:

    жоғары оқу орны;

    бакалавриат білімі бағыты;

    білім беру формасы;

    таңдау үстемдігі.

    Абитуриент тестілеуде жинаған ұпайларын емтихан өткізілген күннің ертесіне біле алады. Олардың студенттікке ұсынылғаны немесе қабылдабағаны қабылдау үдерісінің 2-басқышы толық аяқталғаннан кейін бір апта мерзімде Білімді бағалау агенттігінің ресми веб-сайтында жарияланады.

    Техникумдарда оқыуға ниет білдірген талапкерлер ЖОО-ға қабылдаудың түпкілікті нәтижесі жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде мыналарды таңдайды:

    техникум;

    кәсіп пен мамандық;

    білім беру формасы.

    Нәтижесі бір апта ішінде Білімді бағалау агенттігінің ресми веб-сайтында жарияланады.

    Абитуриенттер мен олардың ата-аналарына қолайлылық жасау мақсатында Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі мен барлық жоғары оқу орындарында «Қабылдау-2025» штабы іске қосылды.

    Сонымен қатар, азаматтарымыз Министрліктің 1006 сенім телефоны, Агенттіктің 1195 сенім телефоны немесе @EduuzUniversalBot арқылы хабарласып, сұрақтарына жауап ала алады.