Науаи қаласындағы кәсіпорынның өнім көлемі екі жүз есеге артты

    Президент Шавкат Мирзиёев Науаи қаласындағы өнеркәсіп аймағында «Universal filter» брендімен өндірілген жергілікті өнімдермен танысты. Мұнда көліктерге арналған ауа және май сүзгілері, металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі кәсіпорындарына арналған бұйымдар - барлығы 600-ден астам өнім түрі өндіріледі.

    Өз қызметін 2007 жылы құрылыс материалдары саласынан бастаған кәсіпкер 2020-2023 жылдары 20 миллион долларлық жобаларды іске асырды. Қазіргі таңда үш гектар аумақта 6 бағыт бойынша өндіріс жолға қойылған. Кәсіпорындарға Ресей, Қытай, Словакия сияқты елдерден заманауи технологиялар жеткізіліп, орнатылды.

    Кәсіпкердің айналым қаражаты жеті-сегіз жыл бұрын тек 1 миллиард сум болса, енді биылғы жылдың соңына дейін 200 миллиард сум көлемінде өнім өндіреді. Кәсіпорын 250 адамды жұмыспен қамтыған. Бұл әлеуметтік маңызы зор көрсеткіш.

    Мемлекет басшысы мұндағы өндіріс процесі және өнімдермен танысты.

    Өзбександа атмосфераға әсер ететін 3 мыңнан астам өнеркәсіп кәсіпорны бар. Олардың шаң-газ тазалау жабдықтарының көбісі ескірген. Бұрын бұл сала тек шетелге тәуелді болғандықтан, сүзгілерді жаңарту бірнеше жылға созылатын. Енді бұл салада да импортқа бәсекеге қабілетті өз өнімдеріміз және қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болуда. Биылдың алғашқы тоғыз айында 100-ден астам кәсіпорынның шаң-газ тазалау жабдықтары жаңартылды.

    Мұндай істерде аталған кәсіпорынның да үлесі бар. Өндіріс көлемі жылдан жылға артуда. Өнімдерді жергілікті шикізаттан өндіру арқылы сапаны сақтай отырып, өзіндік құнын төмендету жүзеге асуда.

    Кәсіпорынның өнімдері Ресей, Қазақстан, Тәжікстан және Әзірбайжанға экспортталуда. Жыл соңына қарай экспорт көлемі 1 миллион долларға жетеді деп күтілуде. Болашақта экспорт географиясы мен көлемін арттыру жоспарланған.

    Осы жерде Науаи облысының өнеркәсіп өнімдері таныстырылды. Атап айтқанда, ауыр және жеңіл өнеркәсіпке арналған бөлшектер, жабдықтар, компрессорлар, электр техникалық құралдар, мыс және пластик құбырлар, сорғы бөлшектері көрсетілді. Оларды біріктіретін негізгі сипат - жергілікті өндіріс екендігінде.

    Президент республикада гидроэнергетиканы одан әрі дамыту мақсаты бар екенін атап өтіп, шағын және микроГЭС салу және олардың компоненттерін өндіруде жергілікті кәсіпорындардың қатысуын кеңейту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ, Науаи тау-металлургия комбинаты сияқты ірі кәсіпорындар үшін жергілікті өндіріс жобаларын күшейту арқылы өңірде жұмыссыздықты азайтуға болатыны көрсетілді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates