Әзербайжан Chevrolet автомобильдерін жинаудың басталуы мен сатылуына старт берілді

    Көлік 19 Sentabr 2021 1182

    2021 жылы 17 сентябрьде Хажигабул қаласында (Өзербайжан) “UzAuto Motors” АҚ және “SamAvto” зауытының өндірістік желісінің салтанатты ашылуы өтті.

    General Motors-пен өзара келісімге келген соң, “UzAuto Motors” Chevrolet автомобильдерін Әзербайжанда сатуды бастауы туралы жариялады.

    Әзербайжан тарапынан өндіріс бойынша серіктестік ретінде Баку қаласы жанында орналасқан Хажигабул өндірістік кварталы құрамына кіретін “Azermash SR” қатысты. Тараптар арасында 2021 жылдың 21 июлінен қол қойылған келісім шарапатымен жобаны жүзеге асыру үшін мүмкіндік жасалды.

    Үстіміздегі жылдың апрель айында Хажигабул өндірістік кварталының ашылу салтанатында Әзербайжан Президенті Илхом Хайдарович Алиев старт беретін рәміздік түймені басты. Әзербайжан Президенті өз құттықтау сөзінде Өзбекстан және Әзербайжан ортасында экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығы, екі халықтың мәдени және лингвистикалық сипаттары ортақ екенін айтты.

    “Azermach SR” зауытында өндіріс желісінің салтанатты іске түсірілуінде Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің қаржы-экономика және кембағалдықты қысқарту мәселелері бойынша орынбасары Жамшид Қучқаров онлайн ретінде салтанатты түрде сөз сөйледі. Өзбекстан делегациясына “Ozavtosanoat”АҚ басқару төрағасы Шавкат Умурзоқов басшылық етті. Әзербайжан тарапынан, шараға Әзербайжан Республикасы Экономика министрі Микайил Жабборов қатысты.

    Ынтымақтастықтың алғашқы басқышында “Azermash SR” өндіріс орны қуаттарында Chevrolet Nexia, Chevrolet Cobalt,Chevrolet, Damas және Chevrolet Labo автомобильдерін жалпы 5000 данаға дейін, SamAvto автобустарын болса жылына 1000 данаға дейін өндіру және сату жоспарланған, деп хабарлады “UzAuto Motrs” АҚ баспасөз қызметі.

    “UzAuto Motors-тың” Әзербайжандағы ресми дистрибьюторы “Azermash SR-ға” қарағанда, аталмыш моделдердегі баға, функционалдық және сапаның үйлесімділігі, олардың өзіне тән бәсекелесетін қолайлылығы болады.

    Шавкат Умурзоқовтың айтуынша: “Әзербайжан жетістікке жетуге үміттенуге бізде жетерлі дәрежеде негіз бар. Әзербайжан және Өзбекстанды көп ғасырлық достық және жақсы көршілік байланыстары байлайды, туысқан халықтарымыз туыс тілдерде сөйлеседі. Әдет-ғұрыптарымыз, тарихымыз, мәдениетіміз және дүниетанымымыз ортақ, бизнес және іскерлік этикасына болған жанасуларымыз да өте ұқсас. Жаңа автомобиль зауыты өнімдері Әзербайжан тұрғындары арасында бұқараландыруға, жаңаланған Nexia, Cobalt, Damas, Labo, сондай-ақ SamAvto автобустары да оларға лайықты болуына бізде күмән жоқ”.

    Сондай-ақ “UzAuto Motors” AҚ бас директоры Бо Инге Андерссон айтуынша: “Қазіргі кезде модельдер қатарына тағы бірнеше автомобиль қосу мүмкіндігін үйренудеміз. Сонымен қатар жақын болашақта бастапқы модельдер қатары едәуір дәрежеде көбейіп, шағын әрі ықшам көлемде жеңіл автомобильдерден тартып үлкен көлемдегі жол таңдамайтын SUV-ларға дейін тартымды транспорттардың кең ассортиментін қамтитынын күтудеміз”.

    Ескертеміз, 2020 жылдың март айында Қазақстанда Chevrolet автомобильдерін өндіру басталған еді. Қазақстанда “SamAvto” автобустарын өндіру үстіміздегі жылдың май айында жолға қойылды. Бұдан тыс, Chevrolet автомобильдерін Тәжікстанда да өндіру жолға қою жоспарланған.