Делегация Әзербайжанда еліміздің туризмін одан әрі таныстыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, мұнда әзербайжандықтар мен шетелдік туристерге Өзбекстанның туристік әлеуеті, еліміздегі көрнекті туристік орындары, Өзбекстанға саяхат жасаудың артықшылықтары, халқымыздың қонақжайлылығы және тағы басқа да жақтары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Өзбекстан атынан Әзербайжан тұрғындары мен шетелдік туристерге еліміздің туристік брендін көрсететін киімдер мен басқа да сыйлықтар табыс етілді.
Қазірде делегация Иран елінде жүр. Осы мемлекетте де Өзбекстанның туризм бойынша мүмкіндіктерін, артықшылықтарын, қолайлықтарын насихаттаған соң, делегация келесі бағытқа жол алады, деп, хабарлайды Туризм және мұра министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәлімет ретінде, сапар 30 декабрьге дейін жалғасады.