Өзбек-Ауған мемлекеттерінің шекарасы арқылы азаматтардың өтуі уақытша тоқтатылады

    Нақты 22 Iyun 2021 948

    Денсаулық сақтау министрлігі мен бірқатар мүдделі ұйымдардың ұсынысына орай, республикалық арнайы комиссия Ауғанстан Ислам Республикасында коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайының өршуін ескеріп, өзбек-ауған Мемлекеттік шекарасы арқылы азаматтардың қозғалуын уақытша тоқтатуды ұйғарды.

    Сонымен қатар Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарына туристік визалар беруді және туристік фирмалардан виза талапнамаларды қабылдау уақытша тоқтатылады.

    Мұнда “Термиз-автойул” шекара өткізу пункті арқылы төмендегі санаттағы азаматтар және транспорт техникаларының қозғалуына рұқсат беріледі:

    дипломатиялық өкілеттіктер, консулдық мекемелер және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жанұя мүшелеріне;

    халықаралық жүк тасумен шұғылданатын жүргізушілерге;

    өз еліне қайтып жатқан Өзбекстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарына.

    Сондай-ақ “Термиз- автойул” шекара өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына кіріп келген тұлғалар тарапынан өткізу пунктінде жұмыс істеп жүрген арнайы клиника немесе зертханаларда коронавирус инфекциясы антигенін экспресс тест тексеруі арқылы теріс нәтиже көрсетілген жағдайда Өзбекстан Республикасының аумағына кіргізіледі.

    Коронавирус инфекциясына оң нәтиже анықталған Өзбекстан Республикасының азаматтары тиісті аумақта орналасқан арнайы клиникаларға емделу үшін жіберіледі.

    Коронавирус инфекциясына оң нәтиже анықталған шет елінің азаматтары Өзбекстан Республикасының аумағына кірітілмейді.

    Бұдан тыс, сынақ ретінде Санитария-эпидемологиялық тыныштық және қоғам денсаулығы қызметі тарапынан Өзбекстан Республикасына шекара өткізу пункттері арқылы кіріп келген барлық тұлғалардан, еліміз аумағында кіріп келгеннен соң 7-күнге дейін коронавирус инфекциясына полимераза тізбекті реакция тексеруін өткізу және онда тест қаражаттарын Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен қаптау жүйесі енгізіледі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates