Эпидемиологиялық жағдайы күрделі бірқатар елдермен халықаралық рейстер тоқтатылады!

    Қауіпсіздік 1 Dekabr 2021 1475

    Соңғы күндері Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Израиль, Италия, Нидерланды, Чехия, Австралия, Египет және Оңтүстік Африкада (Оңтүстік Африка, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини және Танзания) бірқатар елдерде, атап айтқанд,а АҚШ, Австрия, Германия, Словакия, Ресей Федерациясы және Қазақстанда коронавирустың жаңа «омикрон» штамының таралуына және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қосымша карантиндік шектеулер енгізілуде.

    Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы коронавирустық инфекцияның, оның ішінде жаңа «омикрон» штамының таралуының алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Елімізде коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитетті арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 17 ноябрінен бастап толық егілген азаматтарды бустер дозасымен ерікті егу рәсімі енгізілді.

    Сонымен қатар, әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай туралы Өзбекстан Республикасы тұрғындарын хабардар ету, азаматтарымыз арасында сақтық деңгейінің төмендеуіне жол бермеу қажеттігін көрсетіп отыр.

    Осыған орай, Республикалық арнайы комиссияның Жаңа жыл қарсаңында өткен отырысында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және елімізге коронавирустық инфекцияның жаңа «омикрондық» штамының енуіне жол бермеу бойынша бірқатар мәселелер қаралды.

    2021 жылғы 3 декабрьден 2022 жылғы 10 январға дейін:

    Оңтүстік Африка Республикасы, Ботсвана, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Лесото, Эсватини, Танзания және Гонконгпен халықаралық рейстер (республика аумағына кіру, шығу және транзиттік рейстер) тоқтатылды.

    Осы елдердің азаматтары және осы елдерде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ соңғы 14 күн ішінде жоғарыда аталған елдерде болған үшінші елдердің азаматтары Өзбекстан Республикасының аумағына кіргізілмейді.

    Тиісті министрліктер мен кеңселер аталған елдердегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, оларға халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар енгізетіні айтылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates