Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемелерінде карантин ережелерін қатаң сақтау туралы айтылды

    Денсаулық 21 Yanvar 2022 2716

    Елімізде коронавирустың “Omicron” штаммы кіріп келгеннен кейін белгілі бір шектеулер енгізілді.

    Мектепке дейінгі білім министрлігі және жағдайға байланысты төмендегілерді мәлімдеді:

    Мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемелерінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемелерінің қызметіне қойылатын уақытша санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталады;

    мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдарында мерекелік шараларды өткізуге уақытша шектеу қойылды;

    ата-аналар мен сырттан келген қонақтарға кіруге рұқсат етілмейді (қажет болған жағдайда соңғы үш күндік ПТР сынағы және вакцинация туралы сертификат болуы қажет);

    жиналыстар өткізуге шектеу қойылады, қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс режімінде өткізу шаралары қарастырылады;

    Осы шектеуді бұзған жағдайда тиісті тәртіпте жауапкершілік шаралары (сөгіс, айыппұлдар және т.б.) қолданылады.

    COVID-19 пандемиясы кезінде аурудың белгілері анықталған мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемелерінің топтары СанЭпидқызметінің (СЭС) қорытындысына сәйкес уақытша карантинге жабылады.

    Аурудың белгілері жойылғаннан кейін мектепке дейінгі тәлім-тірбие ұйымдары немесе топтар өз қызметін жалғастырады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates