Өзбек қаракөл өнімдеріне Ресейде сұраныс артуда

    Бизнес 31 May 2022 1657

    «Узчармсаноат» бірлестігінің басшылығы Ресейдің Елтірі кеңесінің президенті Сергей Столбовпен және «Мягкое золото» елтірі және тері қауымдастығының өкілдерінен құралған Ресей делегациясымен кездесті.

    Сұхбаттан алдын ресейлік қонақтар астанамызда өтіп жатқан «UzCharmExpo-2022» 12- халықаралық көрме-жәрмеңкесі жоғары деңгейде және нәтижелі ұйымдастырылуымен, халықаралық ынтымақтастық байланыстарды жолға қоюда тиімді платформа міндетін өтеп жатқанымен Бірлестік басшылығын құттықтады.

    Кездесуде Өзбекстан мен Ресей арасындағы елтірі саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Айта кету керек, бүгінде Өзбекстан қаракөл өнімдерін өндіруде әлемде екінші орында тұрады. Сапа мен бағаның үйлесуі оның әлемдік базардағы құнын одан әрі арттырады. Ресейдің елтірі кеңесінің президенті Сергей Столбов бүгінде Ресей базарында Өзбекстанның қаракөл өнімдеріне сұраныс артып отырғанын атап өтті. Сондықтан бұл саладағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және сауда мәселелерін жеңілдету бойынша ұсыныстарды қарастыру туралы бастамасын білдірді.

    Сондай-ақ кездесуде бүгінде елтірі мен жүн өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындардың халықаралық электронды базасы қалыптасып жатқаны да айтылды. Бұл өзбекстандық кәсіпкерлер үшін кең мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді. Ташкентте өтіп жатқан “UzCharmExpo-2022” 12-халықаралық көрме-жәрмеңкесінің аясында ресейлік кәсіпкерлер қаракөл өнімдерін өндіретін көптеген жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, өзара тиімді келісімдерге қол жеткізді.

    Сұхбат кезінде «Мягкое золото» елтірі және тері қауымдастығының өкілдерімен Ресейдің Пятигорск қаласында өтетін «Мягкое золото» халықаралық көрмесіне өзбекстандық кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды. Айта кету керек, Пятигорск Ресейдің елтірі өнеркәсібінің астанасы. Бұл көрмеге қатысу біздің жергілікті өндірушілерге жаңа базарға шығуға кең мүмкіндіктер есігін ашады.

    Кездесу соңында «Узчармсаноат» бірлестігі мен «Мягкое золото» елтірі мен тері қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.