Өзбекстан мен Беларусь кәсіпкерлері 92 миллион долларға келісім-шартқа қол қойды

    Бизнес 7 Sentabr 2023 991

    Хабарлағанымыздай, Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева басшылығындағы Өзбекстан делегациясы ресми іссапармен Беларусь Республикасында жүр. 6 сентябрьде сапар аясында Минск қаласында Өзбекстан-Беларусь іскер топтары мен кәсіпкер әйелдердің бірінші бизнес-форумы өтті.

    Шараға еліміз экономикасының барлық дерлік салаларын, атап айтқанда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, азық-түлік, фармацевтикалық өнеркәсіп, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ туризм және көлік салаларының өкілдері болған бизнес топтар мен іскер әйелдер қатысты.

    Форум аясында ұйымдастырылған «Кәсіпкерліктегі әйелдер – Беларусь пен Өзбекстан арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті» тақырыбындағы жалпы мәжілісті Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы мен Беларусь Республикасы Ұлттық мәжілісі Республикалық Кеңестің төрағасы кіріспе сөзбен ашты.

    Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, озық технологиялармен алмасу, мата, киім-кешек, аяқ киім, елтірі және былғарыдан жасалған бұйымдарды өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және IT саласындағы байланысты дамыту, кәсіпкерлік, әсіресе әйелдер үшін цифрлық өнімдерді бірлесіп әзірлеу, әйелдерді цифрлық экономикаға тарту, әйелдердің бұл тұрғыда сауаттылығы мен біліктілігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу екі елдің бизнесмендеріне бірдей тиімді болатыны атап өтілді.

    Сондай-ақ, жалпы мәжілісте медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайту, фармацевтика саласын дамыту, медициналық кластерлер құру, азық-түлік өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібіне арналған химия өнімдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм бағыттарында біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша пікірлер айтылды.

    Форум соңында қорытынды құжат (декларация) қабылданды. Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени, білім беру, гуманитарлық, туризм және тағы басқа да өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері көрініс тапты.

    Екі елдің іскер әйелдері арасындағы «В2В» форматында өткен кездесулердің нәтижесінде құны 92 миллион доллардан асатын 42 келісімшарт пен 17 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates