Түркіменбашы қаласының әуежайында Мемлекет басшысын Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Халық Мәслихатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов жылы қарсы алды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы 5 тамыз күні БҰҰ-ның Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер жөніндегі үшінші конференцияға қатысады. Сонымен қатар, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жетінші Консультативті кездесуіне дайындық мәселелеріне арналған арнайы іс-шараға қатысып, бірқатар екіжақты келіссөздер өткізеді.