Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, делегацияларға Өзбекстан мен Қытай сыртқы саяси кеңселері басшыларының орынбасарлары Бобур Усманов пен Сун Вэйдун басшылық етті.

Келіссөздер барысында Өзбекстан-Қытай ынтымақтастығының жай-күйі және оны одан әрі дамыту болашақтары талқыланды. 2024 жылы Қытайға ұйымдастырған мемлекеттік сапардың қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруды жеделдетуге ерекше назар аударылды.

Қытай тарапы Өзбекстанда мемлекеттік басқару мен заңдылық саласын жетілдіру, ұлттық экономиканы либералдандыру және жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

Кездесуде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әскери және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтудың бар маңызды әлеуетін іске асыруға екі жақтың мүдделілігі расталды.

Мәдени-гуманитарлық және туристік алмасуларды жандандыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

БҰҰ және басқа да халықаралық институттар аясындағы өзара ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық саясаттың өзекті жақтары туралы пікір алмасты, деп хабарлайды «Дунё» АА.