Бұл туралы “Kazinform” халықаралық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан ғарыш агенттігі директорының орынбасары Мухиддин Иброхимов мәлімдеді.
Мухиддин Иброхимовтың айтуынша, биыл Өзбекстаннан 7 студент Жапонияның Кюсю технологиялық институтына магистратураға оқуға жіберіледі.
– Оқу барысында олар жасанды серік жобасын әзірлеп, оны құрастырып, ғарышқа ұшыруды үйренеді. Бұл ретте ғарышқа жасанды серікті ұшыру үшін компаниялармен келісім-шарттар жасау керектігін де түсінуіміз қажет. Біздің жоспарымыз бойынша Өзбекстан 2028 жылға дейін ғарышқа өзінің жеке спутнигін шығарады, – Өзбекстан ғарыш агентігі директорының орынбасары.
Өзбек тарапы Space X компаниясымен келіссөздер жүргізуде.
