Кездесуге  ЕТДБ-ның  қаржы институттары бойынша басқарушы директоры Ф.Малиж, Орталық Азия, Моңғолия  мен Ресейдегі қаржы институттары тобының директоры Г.Орлов, ЕТДБ-ның гендерлік мәселелері және экономикалық интеграция бойынша директоры Б.Рамбусек және Банктің басқа өкілдері мен сарапшылары да қатысты.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін, Өзбекстанда ЕТДБ тарапынан қаржыландыратын жобаларды жүзеге асыру барысы мен қарым-қатынастарды кеңейтудің болашағы талқыланды.

Жақын болашақта экономикалық реформалар мен құрылымдық өзгерістер саласында мемлекеттік кәсіпорындар мен банктерді жекешелендіруге, сондай-ақ қаржы секторы мен капитал базарын дамытуға бағытталған ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Өзбек тарапы ЕТДБ тарапынан банк секторы, тау-кен, химия өнеркәсібі және экспорттық әлеуетті арттыру салаларында көрсетілген мәслихат көмегі үшін ризашылық білдірді.

Қыз-келіншектердің кәсіпкерлігін дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдап-қуаттау бағытындағы ынтымақтастық істерін жандандыруға келісілді.

Кездесу соңында екі жақ та өзара мүдделі болған ең маңызды мәселелер бойынша жұмыс жүргізді және қарым-қатынастардың қаралған бағыттары аясында алдағы іс жүзіндік ынтымақтастық шаралары белгіленді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.