Өзбекстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) кеңесіне сайланды.

    4 июль күні Римде өткен Біріккен Ұлттар ҰйымыныңАзық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Кеңесінің 2028-2029 жылдарға арналған мүшелігіне сайлауда Өзбекстан Республикасы тарихында тұңғыш рет осы белгілі орган құрамына бірауыздан сайланды.

    Кеңес географиялық бөлінуін ескере отырып, 3 жылға дейінгі мерзімге сайланатын 49 мүше мемлекеттен құралғаны атап өтілді. Кеңес өз өкілеттіктері шеңберінде бюджетті, ФАО бағдарламаларын талқылайды және Конференцияға маңызды қаулылар мен ұсыныстарды береді.

    Өзбекстанның бұл органға сайланғаны Өзбекстан Республикасы Президентінің басшылығымен ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласында жүзеге асырылып жатқан терең өзгерістердің, еліміздің жаһандық үдерістердегі рөлі артып отырғанының халықаралық көлемде мойындалуының жарқын көрінісі.

    ФАО Кеңесіне мүшелік Өзбекстанға жаһандық аграрлық және азық-түлік саясатын қалыптастыруға, нормативтік құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге, ұлттық және аймақтық бастамаларды ұсынуға, сондай-ақ жобаларды ілгерілетуге және қосымша қаржы ресурстарын тартуға кең мүмкіндіктер ашады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates