Бұл туралы «Узгидромет» хабарлады. Республика бойынша уақыты-уақытымен қар түріндегі жауын-шашын күтілетіні айтылды.

13 февральда Өзбекстанның орталық және шығыс облыстарында, сондай-ақ шөлді аймақтарда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

14 февральда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, тек  оңтүстікте кей жерлерде аздап жаңбыр жаууы мүмкін, тау бөктерінде және таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Ауа температурасы 10-11 февральды күндіз 0-5 градус жылы, түндері 0-5 градус суық, солтүстік және шөлейтті аймақтарда кей жерлерде 6-8 градус суық болады.

12 февральдан бастап ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, 13-14 февральда күндізгі температура 8-11 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 12-14 градусқа дейін көтеріледі.

Батыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі.

Ташкентте: бүгін кешке аздап қар жаууы мүмкін. 11-12 февраль күндері уақыт-уақытымен негізінен қар түрінде жауын-шашын болады. 13 февральда аздаған жауын-шашын, негізінен жаңбыр түрінде болады деп күтілуде. 14 февральда жауын-шашын күтілмейді.

Ауа температурасы түнде 3 градус суық-2 градус жылы, 10-11 февральда күндіз 0-5 градус жылы, 12-14 февральда 8-10 градусқа дейін жылы болады,

біртіндеп көтеріледі.

Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Батыс жел бағытын өзгертіп, шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады.