Өзбекстанда алғаш рет жастар “агромарафоны” АКИС орталығынан басталды

    Агросектор 29 Sentabr 2021 1613

    Ауыл шаруашылығында білім, инновациялық және қызметтер АКИС орталығында Өзбекстанда алғаш рет “АГРОМАРАФОН” ұйымдастырылды.

    Шарада Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Жастар істері агенттігі, Өзбекстан жас фермерлер кеңесі, Еуропа халықаралық ынтымақтастық ұйымы көмегімен Ташкент мемлекеттік аграрлық университеттің және басқа да ұйымдар мен компаниялардың қатысуында ұйымдастырылды.

    Марафон АКИС орталық алаңында 100-ге жуық жас агро-фермерлердің, ауыл шаруашылық саласындағы жас кәсіпкерлер мен Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті студенттерінің қатысуында, спикерлер себеп мотивацияға толы, ерекше көріністе өтті. Спикерлер жастарға өз жемісті тарихтарымен, сондай-ақ тәжірибелі сынақтан өткен ұсыныстарымен ой бөлісті.

    Ұйымдар республикадағы озық агрокәсіпкерлер мен фермерлердің қатысуында осы марафон жастарға жол көрсетуші шамшырақ, өзара байланыс жолындағы қолайлы платформа, тәжірибе алмасатын алаң ретінде қызмет етіп, бизнес-жоспарлар дайындауға көмек береді, жалпы алғанда ауыл шаруашылығы саласында өз бизнесін сапалы дәрежеде бастап алуға мүмкіндік береді, деп сенім білдірді. Болашақта осы жаңа білімдер өз қызметін алғаш бастаған фермерлер үшін әлем базарына шығу мүмкіндігін береді.

    Марафон болашақта еліміздің басқа аумақтарында да жалғасады. Жастарға әлеуметтік бағытталған мемлекеттік көмек аясында ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын істерді дамыту үшін жер алған жастар негізгі мақсатты аудитория болады, деп хабарлады Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.