Өзбекстанның 16 қаласында дәстүрлі жаппай жүгіру жарысы өтеді

    Үстіміздегі жылдың 23 июнь күні Өзбекстанның 16 қаласында Халықаралық Олимпиада күні, Балаларды қорғау күні және Жастар күніне арналған «BYD Янги Нафас» дәстүрлі жаппай жүгіру жарысы өтеді.

    Сол күні Ташкентте жоғары әскери оқу орындарының түлектерінің қатысуымен Отан қорғаушысы әскери- отансүйгіштік жаппай жүгіру жарысы да өтеді.

    «BYD Янги Нафас» және «Отан қорғаушысы» жаппай жүгіру жарыстарына мектеп оқушылары, студенттер, саяхатшылар, кәсіпкерлік және мемлекеттік құрылымдарының өкілдері, әскери қызметкерлер, қоғам қайраткерлерінен құралған 60 мыңға жуық адам қатысады.

    Дәстүрлі жаппай жүгіру жарысының қашықтығы 3 шақырымды құрап, Әндіжан, Наманган, Ферғана, Нұрафшан, Науаи, Гүлістан, Жызақ, Самарқант, Терміз, Қаршы, Бұхара, Қаровулбазар, Ғузор, Үргеніш және Нөкіс қалаларының орталық көшелерімен өтеді.

    Ташкентте жарыстың старты «Жаңа Өзбекстан» саябағында беріледі. Барлық жаппай жүгірулер бір уақытта таңғы 07:00-де басталады.