«Янги Нафас» жаппай жүгіру жарысы Өзбекстанда Тудың қабылданған күніне арналады. Алдағы марафонға бүкіл еліміз бойлап жалпы 100 мыңнан астам жүгіруші қатысады.
19 ноябрьде Өзбекстанның 16 қаласында дәстүрлі «Янги нафас» жаппай жүгіру жарысы өтеді.
«Жалпы есепте, Ташкент қаласында өтетін шараға 6 мыңнан астам, республика көлемінде 100 мыңнан астам спорт сүйер жерлесіміз қатысады деп күтілуде. Жарысқа қатысу үшін көршілес Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан да спортшылар шақырылған», дейді хабарда.