Айта кету керек, MADE Италия өнеркәсібінде цифрлық кәсіпорындарды құрумен, сала үшін білікті мамандарды даярлаумен және қайта даярлаумен айналысады. MADE сонымен қатар кәсіпорындардың цифрлық технологияларға көшуінде техникалық кеңесші қызметін атқарады. «Ақылды зауыттарды» құруға арналған зерхана саналады. 2500 шаршы метр алаңдағы 90-нан астам оқу және коворкинг орталықтары кәсіпорынның талаптары негізінде жеке «ақылды зауытты» құруға көмектеседі.
Сапар барысында «Узчармсаноат» бірлестігінің делегациясына өнеркәсіптік кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар берілді. Атап айтқанда, өнеркәсіпорындарды жобалау, қаржыландыру, кадрларды оқыту, ғылыми жетістіктерді зауытқа енгізу бойынша іс тәжірибелік жұмыстардың тұсаукесері өтті.
Бірлестік төрағасы сұхбатта орталық басшылығымен MADE 4.0 тәжірибесін Өзбекстан кәсіпорындарында қолдану мәселесін талқылады. Кездесуде ең алдымен орталықтың білім беру бағытын пайдалана отырып, мамандарды қайта даярлау бойынша ынтымақтастық мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, логистика саласында да MADE-мен ынтымақтастық орнату туралы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.