Өзбекстан мемлекеттік өнер мұражайының жаңа ғимаратының тұсаукесері өтті

    Урбанизация 18 Yanvar 2022 2874

    Өзбекстанның мемлекеттік өнер мұражайы жаңа ғимаратының жобасы және Самарқанттағы «Ұлы Жібек жолы» мұражайының алғашқы концепциясы ұсынылды.

    Ташкент қаласында Өзбекстан мемлекеттік өнер мұражайының жаңа ғимаратының тұсаукесері өтті. Мұражайдың архитектуралық жобасы әлемге әйгілі сәулетші, Притксеров атындағы сыйлықтың иегері Taдao Aндони «Tadao Ando Architect & Associates» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда.

    Шараға Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов, Мәдениет және өнерді дамыту қорының атқарушы директоры Гаяне Умерова, құрылыс министрінің орынбасары Насрулло Бобоев, “Atelier Brückner” бюросының өкілдері, бюроның басқару серіктесі Эберхарт Шлаг, сондай-ақ Министрлер Кабинеті құзырындағы «Tashkent city» құрылыс дирекциясының өкілдері қатысты.

    Өзбекстан Мемлекеттік өнер мұражайының жаңа ғимаратының құрылысы 2022-2023 жылдары Ташкент қаласында “Абулқосим медресесі”, «Истиқлол» өнер сарайы мен Әлішер Науаи мүсінінің аралығында жүргізіледі.

    Шарада айтылуынша, мұражайдың дизайн концепциясында үлкен көрме алаңы, мұражай коллекцияларын сақтайтын бөлмесі, кітапхана, конференция залы, дәмхана және шатырында террассалар мен саябақ бар.

    Тұсаукесер барысында нысанның бас жоспары, көрме алаңы, қоғамдық аумақ, мұражайдың коллекциялық бөлмесі, конференц-зал, мейрамханалар, дәмханалар мен аудиториялар, сонымен қатар кітапхананың инженерлік-жоспарлау шешімдері таныстырылды. Мұражайды жобалау істері мұражай алаңы қызметіне қатысты барлық соңғы технологияларды ескере отырып жүзеге асырылуда.

    Айта кетейік, Мемлекеттік өнер мұражайы жаңа ғимаратының толық тұсаукесері 2022 жылдың апрель айында өтеді.

    Самарқант қаласында «Ұлы Жібек жолы» мұражайының құрылысы Мәдениет пен өнерді дамыту қорына тапсырылды. Жоба Самарқант облыстық әкімшілігімен ынтымақтастықта жүзеге асырылуда. Бұл жобаның дизайн концепциясын әзірлеуде Қор Германияның “ATELIER BROOKNER GmbH” бюросымен ынтымақтастық жасауда. “Ұлы Жібек жолы” мұражайы Самарқант қаласының орталығында, Университет бульвары мен Бабыр Мырза көшесінің арасында орналасқан.

    Алғашқы дизайн концепциясына орай, қайтадан құрылуы жоспарланған мұражайдың сыртқы келбеті жібек таспа пішінде болып, Жібек жолын еске түсіреді және бүкіл ғимаратты айналдыра көрініс беретіндей, орталық алаңды пандус көрінісінде кесіп өтеді. Ғимараттың бірінші қабатының ортасында Самарқант қаласының бейнесі болады, ал төбесінде — барлық қабаттардан көрінетін ландшафт элементтері орналасқан. Сондай-ақ, ғимараттың саусақтарды елестететін көрме экспозицияларын жаратуға қолайлы жағдай жасалады.

    Бұл ретте мұражайдың көрме залдарының ішкі безендірілуімен үйлесім тапқан жоғарғы қабаттағы экспозициялық аймақ үш «қанат» арқылы өтеді де, орталық ашық Атриумды қамтиды. Әрбір «қанаттың» соңында үш тақырыптық аймақ орналасқан.

    Концепцияға сәйкес, ғимараттың төменгі қабатының қосымша алаңдары жоғарғы қабаттағы көрмеге апаратын орталық пандустар арқылы біріктіріліп, галереялар үш тақырыптық аймаққа бөлінеді: ғылым-білім мен мәдениет, бағыт пен ландшафт, экспорт және импорт. Бұл аймақтардың арасында Самарқанттың орталығы - мәдениетаралық қиылысында орналасқан және үлкен шеңбер витрина үлкен коллекцияларды көрсетуге мүмкіндік береді.

    Қор сонымен қатар мұражай дизайнының концепциясын әзірлеуге және инклюзивті ортаны қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлді. Атап айтқанда, келушілерге ыңғайлы болу үшін мұражайда индикаторлар, цифрлық және сәулеттік дизайнға өзіне тән көзқараспен жанасқан.

    Сонымен қатар мұражай кеңістігін тиімді пайдалану мақсатында жоғарғы бөлігінде қонақтардың демалу орындарын, оның ішінде отыратын алаңды, балалар ойын алаңын және бақ бөлігін кеңейту жоспарлануда. Ең бастысы, құрылыс алаңының айналасындағы ағаштарға зиян келтірмеу мақсаты қойылған.

    Аталмыш жоба ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұрасы комитетіне сәйкестендіру үшін енгізіледі, сондай-ақ нысан құрылысы жоспарланған аумақ Самарқанттың ЮНЕСКО тізімінен орын алған тарихи бөлігінде орналасқан, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates