Өзбекстан делегациясы Тұрақты даму бойынша парламент комиссиясының кеңейтілген мәжілісіне қатысты

    Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитетінің төрағасы Қ. Бурханов басшылығындағы Олий Мажлис Сенатының делегациясы Астанада Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы саласындағы ұлттық мақсат пен міндеттердің атқарылуын мониторингі жасау бойынша парламент комиссиясының “Орталық Азияны тұрақты дамыту: паламенттер мен жергілікті өкілеттік органдарының рөлі” тақырыбында өткен кеңейтірілген мәжілісіне қатысты.

    Шарада аймақ елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі парламенттер мен жергілікті өкілдік органдардың рөлі талқыланды.

    Мәжілісте аймақ мемлекеттерінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі парламенттер мен жергілікті өкілдік органдардың рөлі талқыланды. Климаттың өзгеруі, су ресурсының тапшылығы, шөлейттену сияқты экологиялық қауіп-қатерлерге ерекше назар аударылды.

    Өзбекстанда Ұлттық ТДМ-ны жүзеге асыру, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруды бақылау бойынша парламент комиссиясының белсенділік танытқанына ерекше назар аударылды.

    Қатысушылар Өзбекстан жаһандық басымдықтарды ұлттық күн тәртібіне интеграциялануына үлгі болып жатқанын атап өтті.

    Мәжіліс аясында климаттың өзгеруі, су ресурстарының тапшылығы, шөлейттену сияқты экологиялық қауіп-қатерлерге, сондай-ақ су және энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Мәжіліс соңында аймақ елдерінің ауызбіршілігі, кең ауқымды және тепе-тең дамуына қол жеткізу үшін парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісімге қол жеткізілді. Мұнда жергілікті билік өкілдік органдарының маңызды рөліне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.