Өзбекстан делегациясы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кезектегі саммитіне қатысуда

    Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының Спикері Нуриддин Исмаилов басшылығындағы еліміздің делегациясы Гамбия астанасы Банжул қаласында өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) мүше-мемлекеттер басшыларының 15-саммитіне қатысуда.

    Саммитте тұрақты даму мүдделеріне негізделген диалог арқылы бірлік пен ынтымақты дамыту мәселелері талқылануда.

    Өзбекстан делегациясының басшысы Нуриддин Исмаилов осы саммитте сөйлеген сөзінде ИЫҰ өз мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, мұсылман халықтары мен мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайту, цивилизациялар, мәдениеттер арасында өзара түсіністік және диалог үшін мүмкіндіктер жасау, өзара құрмет пен ынтымақтастықты ынталандыруда маңызды жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті. Ислам аясында Өзбекстан тарапынан Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан бірқатар шаралар туралы да толық ақпарат берілді.

    Өзбекстан өкілі, сондай-ақ соңғы жылдары тек көршілес елдермен ғана емес, араб-мұсылман елдерімен де дамып келе жатқан ынтымақтастық қарым-қатынастарға да тоқталды.

    Саммитте халықаралық экономикалық қарым-қатынастар, климаттық қауіп-қатерлер және басқа да жаһандық мәселелер талқылануда, деп хабарлайды "Дунё" AA.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates