Кездесуге  Ауғанстан Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары А.Ханафи, көлік және азаматтық авиациясы, жалпы істер, энергетика және су ресурстары министрлері де қатысты.

Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Мавлави Амирхон Муттакимен бөлек келіссөздер жүргізілді.

Тараптар елдегі қазіргі жағдайды, Ауғанстан халқына гуманитарлық және басқа да көмек көрсетудегі  іс-әрекеттері, сондай-ақ елдегі энергетика мен транспорт саласында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды талқылады.

Ауғанстанның уақытша үкіметінің мүшелері Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевқа ауған халқының арман-ниеттеріне  үлкен көңіл бөлгені және азық-түлік дағдарысының алдын алуға көмектескені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

Ауғанстан жағы Өзбекстан Президентінің Ауғанстанның жаңа үкіметімен конструктивті және өзара қолайлы диалог құруға бағытталған саясатын, сондай-ақ халықаралық қауымдастықты Ауғанстанның шетелдегі мұздатылған активтеріне қойылған шектеулерді жоюға шақыруын жоғары бағалады.

Ауған делегациясының мүшелері Өзбекстан үкіметіне Мазари-Шариф халықаралық әуежайын қалпына келтіруге, өзбек-ауған шекарасының үзіліссіз жұмыс істеуіне көрсеткен көмегі үшін шексіз ризашылығын білдірді.

Тараптар тез арада Термізде сауда-экономикалық мәселелерді талқылау үшін бірлескен келіссөздер жүргізуге келісті, оның ішінде Сурхан-Пули-Хумри электр беру желісі мен Мазари-Шариф-Қабул-Пешавар бағыты бойынша теміржолының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру мәселелерін келісіп алды.

Ауғанстан жағы бұл жобаларды жүзеге асыруға қатысатын өзбек мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

Ресми Қабул Ауғанстан аумағынан бауырлас Өзбекстанның қауіпсіздігіне ешқандай қауіп жоқ деп мәлімдеді.