Өзбекстанда жетекші әйелдер диалогы платформасының ашылу салтанаты өтті

    Ел назарында 22 Iyun 2022 1175

    Үстіміздегі жылдың 21 июнінде Олий Мажлисі Сенатының Әйелдер және гендер теңдік мәселелері комитеті, Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, гендер теңдік және жанұя мәселелері бойынша комиссиясы, БҰҰ даму бағдарламасының Өзбекстандағы өкілеттігі мен тиісті министрліктер, кеңеселердің ынтымақтастығында Өзбекстан жетекші әйелдер диалогы платформасының ашылу салтанаты өткізілді.

    Оған Олий Мажлис Сенаты, БҰҰ даму бағдарламасының Еуропа және ТМД аймақтық бюросы, Жетекші әйедер диалогы платформасының мүшелері, минстрліктер мен кеңеселер сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

    Салтанатты жиында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Т.Нарбаева сөз сөйлеп әйелдердің құқы мен мүмкіндіктерін арттыру, жетекшілік дағдыларды дамытатын, басшы әйелдердің қатарын кеңейтетін және гендер стратегиясы аясындағы реформалар бойынша ерлер мен әйелдердің хабардарлығын арттыратын, салада қоғамдық талқылауларды өткізіп тұратын, еліміздің әрбір аумағында түрлі салаларда еңбек етіп жүрген белсенді әйелдерден құралған Өзбекстан жетекші әйелдер диалогы платформасының ұйымдастырылғанына тоқталып өтті.

    Айтуынша, Өзбекстанда жетекші әйелдер диалогы платформасының негізгі мақсаты әйелдердің құқы мен мүмкіндіктерін арттыру, басшы әйелдер қатарын одан әрі кеңейту, олардың жетекшілік дағдыларын дамыту сондай-ақ жас қыздарды басшылыққа даярлау, гендер теңдік проблемаларын жоюға қызмет етеді. Республикамыздың 14 аумағындағы түрлі салаларда қызмет етіп жүрген белсенді әйелдерді бірлестіреді.

    Сонымен қатар, платформа қызметі әр бір аумақтағы әйелдердің кәсіпкерлік, ғылым-білім, ақпарат технологиялары, медиа, спорт және мәдениет сияқты салалардағы негізгі проблемаларды анықтап, мүмкіндігі шектелген жетекші әйелдерді қолдап-қуаттау, гендер теңсіздікке әкелетін гендер стереотиптерді және орынсыз әлеуметтік өлшемдерге шек қойылуына көмектеседі.

    Сөз сөйлегендер тарапынан платформаны істету және ондан тиімді пайдалану және болашақта оны одан әрі жетілдіру туралы мәліметтер беріліп, платформа ұсынылды.

    Шара барысында әйелдердің жаңаша жанасуы, идея және бастамаларымен шығуға көмектесу, еліміздегі жүзеге асырылған реформалар, жаңарулар, саяси үдерістерде олардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету, аталмыш үдерістерде жетекші белсенді әйелдердің орны мен рөлі мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

    Шара соңында платформаның болашақта жүзеге асырылатын іс жоспары қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates