Өзбекстан-Франция іскерлік шеңберлері ынтымақтастығы кеңейтіледі

    Бизнес 5 Iyul 2022 1476

    Үстіміздегі жылдың 4 июлінде Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков «MEDEF International» Франция кәсіпкерлер қозғалысы Франция-Өзбекстан іскерлер Кеңесінің, «Orano» компаниясының басқарма төрағасы Клод Имовен басшылығындағы Франция делегациясын қабылдады.

    Делегация құрамында Франция Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бушез Орелия, Францияның «Orano Mining», «SUEZ», «Voltalia», «EDF», «MEDEF International» ва «Alstom» компаниялары басшылары да кірді.

    Тараптар Франция компанияларымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің бүгінгі жағдайы мен болашағын конструктивті ретінде талқылады. Қазіргі уақытта елімізде геологиялық барлау, энергетика, инфрақұрылым, туризм және ауыл шаруашылығы сияқты салаларға маманданған 50-ге жуық француз компаниялар жұмыс істейтіні айтылды.

    «MEDEF» басшылығы Өзбекстанның Францияның белсенді және сенімді экономикалық серіктесі екенін атап өтіп, елде жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін ірі француз бизнесмендерін тарту бойынша жұмысты жандандыруға дайын екенін білдірді.

    Француз іскер шеңберлер өкілдері өздерінің Өзбекстанда жұмыс істеу жоспарларын баяндап, тиісті салаларда біріккен жобалар мен бастамаларды дамыту аясында өзбек серіктерімен ағымдағы ынтымақтастықты тілге тиек етті.

    Тікелей кездесу барысында оның қатысушылары, соның ішінде Өзбекстанның мүдделі министрліктері мен кеңселерінің өкілдері ынтымақтастықтың талқыланған бағыттарын ілгерілету бойынша келесі шараларды әзірлеуге мүмкіндік алды.

    Өзбекстан тарапы елімізде жобаларды жүзеге асыруға мүдделі әрбір француз кәсіпкеріне қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

    Кездесу соңында екі елдің іскер топтарына ынтымақтастық орнату және нақты келісімдерге қол жеткізуге қолдау көрсетуге бағытталған іс жүзіндік ынтымақтастықты жалғастыру келісілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates