Өзбекстан әскерлері “АрМи— 2021” халықаралық әскери жарыстарына қатысады

    Әскери шекара 23 Iyul 2021 1490

    “АрМи-2021” Халықаралық әскери жарыстардың Ресей Федерациясында өткізілетін сайыстарына қатысатын командалар мүшелерінен бір топ әскер балуандар белдесуге барды.

    Үстіміздегі жылғы “АрМи-2021” Халықаралық әскери ойындарына Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі командаларының 24 түрдегі жарыстарға қатысуы жоспарланған ( содан біреуі-“Саян жүрісі” жарысы өткен). Оған әлемнің 43 мемлекетінен 295 команда қатысуы күтілуде.

    Халықаралық әскери ойындарының “Сенімді қабул”, “Десант взводы”, “Әскер мәдениеті”, “ Полюс жұлдызы”, “Инженерлік формуласы”, “Тактикалық оқшы”, “Шебер мерген”, “Саян жүрісі” сияқты жарыстарға еліміз өкілдері бірінші рет қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

    Айтып өту орынды, еліміз командасы үстіміздегі жылы 14-16 апрельде Ресей Федерациясында өткен және 7 мемлекет — Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Абхазия Республикасы, Оңтүстік Асетия Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы командалары қатысқан “Саян жүрісі” жарысына қатысып, 3-орынды алды.

    Ескертеміз, өткен жылы 23 августан 5 сентябрьге дейін жалғасқан “АрМи-2020” Халықаралық әскери ойындарында 32 мемлекеттің 160-тан астам командалар қатарында Өзбекстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілері 16 бағыттағы жарыста жеңімпаз болып, жалпы 16 бағыттың 14-інде жоғары орындарды иелеп, жалпы команда есебінде 3-орынды иеледі.