14 майда Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхара, Науаи, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында, 15-16 майда Өзбекстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз 39-41 градусқа дейін, оңтүстік және шөлейт аймақтарда 42-43 градусқа дейін көтеріледі.
14-15 майда солтүстік және шөлді аймақтарда, 16-17 майда республика бойынша кей жерлерде шаң-тозаңмен бірге желдің жылдамдығы 15-18 м/с күшейеді деп күтілуде. 17 майда кей жерлерде жел 20-22 м/с күшеюі мүмкін.



