Өзбекстан оңтүстік-шығыс бағытта сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуде

    Ел назарында 20 Dekabr 2022 1437

    Ағымдағы жылдың 19 декабрінде Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде бейнеконференция түрінде жиналыс өтті.

    Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаевтың төрағалығымен өткен жиналыста Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық, Жұмысшы топтың Пәкістан мен Сингапурға алдағы сапарларының және Қазақстан Республикасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылғы 21-22 декабрь күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапарын ұйымдастыру мен мазмұны жағынан жоғары деңгейде өткізу мәселелері талқыланды.

    Шараға министрліктер мен кеңселер, сала бірлестіктері, Өзбекстанның осы елдердегі дипломатиялық өкілеттіктерінің басшылары қатысты.

    Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Ху Чунхуаның ағымдағы жылдың декабрь айындағы іссапарының қорытындысы бойынша бекітілген “Жол картасының” орындалуы талқыланды. Құжатта Өзбекстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ өзара тауар айырбастау көлемін 10 миллиард долларға жеткізу, 500 миллион доллар көлемінде грант қаржылары мен тікелей шетел инвестицияларын тарту, көлік-логистикалық байланыстарды дамыту, аумақаралық ынтымақтастық мәселелері орын алған.

    Сондай-ақ «Жол картасы» баламалы энергетика мен тау-кен өнеркәсібін дамыту бойынша біріккен жобаларды бірге жүзеге асыру, Өзбекстан-Қытай агроинновациялық паркін құру және ауыл шаруашылығы саласында біріккен жобаларды өмірге енгізу, Қытай тәжірибесіне сүйене отырып, кембағалдықты азайту бойынша іс-шараларды қарау және т.б. міндеттерді көздеген. «Жол картасында» көрсетілген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жауапты басшыларға мақсатты тапсырмалар берілді.

    Кездесуде Жұмысшы топтың Пәкістан Ислам Республикасына алдағы сапарының күн тәртібінің болашағы бар бағыттары да талқыланды. Атап айтқанда, Пәкістан тарапымен теңіз порттарын бірлесіп пайдалану, екі ел арасындағы рейстердің санын арттыру, жүк тасымалдаушыларға визалық режим мен кедендік тәртіп-ережелерін жеңілдету, жеміс-жидек пен көкөністерді қайта өңдеу және экспорттау бойынша біріккен кәсіпорындарды құру,Ташкент және Исламобад қалаларында өнеркәсіп өнімдерінің өзара жәрмеңкелерін өткізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жеделдету міндеті тапсырылды.

    Жауапты басшыларға электротехника, химия, фармацевтика өнімдерін өндіру бойынша Өзбекстан-Пәкістан біріккен өндірістік кооперациясының жобаларын, тоқымашылық, туризм, құрылыс материалдарын өндіру, тағы басқа да салаларда аумақаралық ынтымақтастық аясындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жеделдету бойынша тапсырмалар берілді.

    Жұмысшы топтың Сингапурға сапарына дайындық шеңберінде ынтымақтастық бағыттарын кеңейту және ауыл шаруашылығы, энергетика, машинажасау, химия және тоқымашылық өнімдерін өндіру, көлік-логистика, ақпараттық технологиялар, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы біріккен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

    Атап айтқанда, Ташкент облысында заманалық логистикалық орталығы, Әндіжан облысында құрғақ порт (логистикалық орталығын) салу, еліміз әуежайларын жаңғырту жобасын бірлесіп жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берілді. Сол сияқты медицина қызметкерлерінің тәжірибе алмасу және біліктілігін арттыру, фармацевтикалық өнімдерді өзара жеткізу, екі елдің жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату бойынша жобаларды жүзеге асыру болашақтары да қарастырылды.

    Өзбекстан мен Сингапур арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту болашақтары айрықша зерделенді. Тиісті басшыларға екі елдің жетекші компаниялары өкілдерінің қатысуымен Өзбекстан-Сингапур біріккен инвестициялық компаниясын, Ұлттық инвестициялық қорды, Іскерлер кеңесін және Кәсіпкерлер ұйымын құру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

    Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 21-22 декабрь күндері Өзбекстан Республикасына алдағы мемлекеттік сапарына дайындық жасау мәселелері талқыланды.

    Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты басшыларға Жұмысшы топтың барлық жоспары мен міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау, сондай-ақ жоғары деңгейдегі сапардың экономикалық күн тәртібін кеңейту туралы тиісті тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates