Құжат еліміздің магистральдық электр желілері жүйесін дамыту, оның сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, жүйелі апаттардың алдын алу, сондай-ақ экономика мен халықты тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Қаулымен «Диспетчерлік басқаруды және мәліметтерді жинаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын (SCADA) енгізу» және «Дүниежүзілік банктің қатысуымен магистральдық электр желісінің қосалқы станцияларын жаңғырту және реконструкциялау (II фаза)» инвестициялық жобаларының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері және «Өзбекстанның Ұлттық электр желілері» АҚ-ның инвестициялық жобаларын қаржыландыруға қатысатын және қаражаттың үнемделуі күтіліп жатқан халықаралық қаржы институттарының несиелерінің тізімі бекітілді.

Сондай-ақ, электр жабдықтарын диспетчерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Жылу электр станциялары» АҚ кәсіпорындары мен «Узбекгидроэнерго» АҚ-на қарасты 110-500 кВ кернеулі тарату құрылғылары «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ иелігіне баланс құны бойынша штат бірліктерімен бірге өткізіледі, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.