Көшбасшылар Мемлекетаралық қатынастар мен ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Мемлекеттік сапар барысында жалпы 14 құжатқа қол қойылды, олар қатарында:

- Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған үкіметаралық бағдарлама;

- Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім;

– Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім;

- Халықаралық автокөлік байланысы туралы үкіметаралық келісім;

- Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

– Қауіпсіздік Кеңестері хатшылықтары арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

- Ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- Ветеринария және мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Ғылым академиялары арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы келісім;

- Ұлттық ақпараттық агенттіктер арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

- Сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

- Кәсіпкерлердің бірлескен кеңесін құру туралы хаттама;

- Ташкент және Ұлан-Батор қалаларының әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.