Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан әскери делегациясының басшысы Беларусь қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренинмен келіссөздер жүргізді. Тараптар әскери ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайын талқылап, оны өзара мүдделі бағыттарда екіжақты байланыстарды жандандыру жолдарын белгілеп алды.
Кездесуден соң, Өзбекстан мен Беларусь қорғаныс министрлері Минскідегі Ғалаба монументіне гүл шоқтарын қойды.
Айта кетейік, Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын әскери парадқа қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қатысады.