З.Низамходжаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары төрағаларының Консультативтік кеңесінің жиналысына қатысты

    Ағымдағы жылдың 24 январында Минск қаласында Беларусь Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағалығымен ТМД-ға мүше елдердің сайлау органдары төрағаларының Консультативтік кеңесінің төртінші жиналысы өтті.

    Жиналысқа Кеңес мүшелері – Беларусь Республикасы (И.Карпенко), Қырғыз Республикасы (Н.Шайлдабекова), Ресей Федерациясы (Е.Памфилова) және Өзбекстан Республикасы (З.Низамходжаев) сондай-ақ бейне-конференц байланыс режімінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы (Н. Әбдіров) қатысты.

    Кеңесші дауыс құқығына ие болған ТМД Бас хатшысы С.Лебедев пен ТМД ПА Хатшылығының басшысы, Бас хатшы Д.Кобицкий де қатысты.

    Консультативтік кеңес жиналысының қатысушыларын МДХ Бас хатшысы С.Лебедев құттықтады.

    Электорал талқылау аясында Кеңес мүшелері төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдады: 2024 жылғы Қазақстандағы сайлау үдерістері, Қырғыз Республикасындағы жаңа сайлау циклдерінің басталуы – әкімшілік-аумақтық реформалар аясындағы жергілікті сайлаулар, ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшылары Кеңесі елдерінің арасында аумақтық ынтымақтастығының болашағы.

    Жиналыста ТМД ПА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары, ТМД ПА ДРПХИ директоры И.Мушкет «ТМД Парламентаралық Ассамблеясының сйлаулар мен референдумдар бойынша халықаралық бақылаудың отыз жылдық тәжірибе және болашақ » тақырыбында баяндама жасады.

    Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы З.Низамходжаев Кеңес қызметінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. З.Низамходжаев атап өткендей, Кеңестің негізгі басым міндеттері ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету, сайлау үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сайлаушылардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қорғау бойынша құқықтық негіздерді дамыту және демокартиялық сайлауларды ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.

    З.Низамходжаев 2024 жылғы сайлау кампаниясының кейбір жақтарына тоқтала отырып, Өзбекстан тарихында алғаш рет еліміздегі мемлекеттік биліктің өкілдік органдарына сайлаулар аралас сайлау жүйесі негізінде өткізілгенін және бұл сайлаудың нітижелі өткенін атап өтті. Сайлауалды насихат үдеріснде аралас сайлау жүйесінің енгізілуі саяси партиялар арасында және қоғамдағы демократиялық ортаны нығайтқанын байқауға болады.

    Сайловларни кузатиш учун 850 нафардан ортиқ халқаро кузатувчи, шу жумладан, 560 нафар кузатувчи МДҲ Ижроия қўмитаси ва МДҲ ПА, ЕХҲТ ДИИҲБ ва ЕХҲТ ПА, Европа Кенгаши, ТДТ, ТуркПА, Осиё ПА, ШҲТ, ИҲТ, IFES каби халқаро ташкилотлардан иштирок этдилар.

    Сайлауды бақылауға 850-ден астам халықаралық бақылаушылар, сонымен қатар 560 жуық бақылаушы ТМД Атқарушы комитет пен ТМД ПА, ЕҚЫҰ ДИАҚБ және ЕҚЫҰ ПА, Еуропа Кеңесі, ТМҰ, ТүркПА, Азия ПА, ШЫҰ, ИЫҰ, IFES сияқты халықаралық ұйымдардан қатысты.

    Сондай-ақ 245 жеке бақылаушылар аккредитациядан өткен. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Қытай, Германия, Жапония, Түркия, Әзербайжан, Ресей, Корея, Пәкістан, Франция, Италия, Қырғыз Республикасы және басқа да көптеген елдерден байқаушылар болды.

    Ж.Низамходжаев халықаралық бақылауда сайлауларды 65 мыңнан астам жергілікті бақылаушылар, сонымен қатар 55 мығ саяси партиялардан, 10 мыңнан астам азаматтардың өзін-өзі басқару органдарынан бақылаушы бақылағанын атап өтті.

    Консультативтік кеңес жиналысында сайлау саласындағы жастар саясаты мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулы қабылданды.

    Жинаылс қорытындысы бойынша ОСК төрағасы З.Низамходжаев Беларусь БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

    Орталық сайлау комиссиясы.


    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates