Өзбекстан Қарулы Күштерінің командасы «Кембрия патруль-2024» халықаралық жарысында күміс медаль жеңіп алды

    Үстіміздегі жылдың 4-7 октябрь күндері Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің құрамасы Уэльсте (Ұлыбритания) өткен әлемдегі ең күрделі және беделді халықаралық әскери жарыстардың бірі – «Кембрия патрульде» еліміздің намысын лайықты қорғады.

    Биылғы жарысқа 30-дан астам елден, атап айтқанда Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Үндістан, Германия, Латвия, Қазақстан, Түрікменстан, Италия және басқа да елден 100-ден астам команда қатысты. Әр команда 70 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтіп, ең қиын табиғи және тактикалық кедергілерден өтті. Әр 8-10 километрде маршруттың түрлі орындарында қатысушылар химиялық және биологиялық қауіп-қатер жағдайында әрекет жасау, шабуыл операциялары мен күрделі жағдайларда бағытты табу сияқты жауынгерлік міндеттерді орындады.

    Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің командасы жоғары дәрежедегі кәсіби шеберлік пен ұжымшылдық танытып, өз тобында 13 команда арасында бірінші орынды жеңіп алды. Олар зардап шеккен аймақтарды барлық кезеңде сәтті кесіп өтіп, тактикалық қимылдардағы шеберліктерін көрсете отырып, маршрутты біріншілер қатарында аяқтады.

    Жалпы қорытынды бойынша, Өзбекстан құрамасы күміс медальді жеңіп алды.

    Айта кету керек, британиялық әскери мамандар Өзбекстанның әскери қызметтерінің дайындық деңгейін жоғары бағалап, олардың кәсібилігі мен жауынгерлік тапсырмаларды орындаудағы мықты дағдыларын мойындады, деп хабарлайды "Дунё" AA.

    «Кембрия патруль» 60 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен әскери бөлімшелер жиналып, нақты жауынгерлік жағдайында өздерінің жауынгерлік дағдылары мен төзімділігін сынаудан өткізу үшін бірлестіреді. Онда қатысушы бөлімшелер 48 сағат уақыт ішінде 70 шақырымдық қашықтықты жүріп өтіп, көптеген әскери маневрлер мен патрульдік тапсырмаларды орындады. Жаттығулар Уэльстің орталық бөліміндегі таулар мен батпақтықтар сияқты өту қиын болған аумақтарда өткізіледі.

    «Кембрия патрулі» алғаш рет 1959 жылы августта генерал-майор Льюис Пью құрды, со кезде бөлімшелер Уэльстің батыс жағалауындағы Тонфанау қаласынан Кембрия таулары арқылы ұзақ қашықтыққа марш-бросок өткізген. Содан бері жаттығулар тұрақты түрде жаңартылып, заманауи жағдайларға бейімделіп келеді.

    Жарыстарда командалар сегіз ерлер немесе әйелдерден құралған қиын аумақтарда патрульдік қылады. Бұл сынақ лидерлік қабілетті, өзін-өзі басқаруды, батылдықты, физиологиялық төзімділік пен жігерлілікті талап етеді.

    Әдетте жаттығулар командалар жарыс өтетін жерге келгеннен кейін басталады, бұл жерде олардың барлық қажетті құрал-жабдықтары бар-жоғын тексеріледі. Осыдан кейін команда командирі бұйрық алады, ал қалғандары тез арада баспана дайындап, жауынгерлікке дайындалып, бұйрықты қабылдауға дайындық көреді, яғни олар патрульдік қызмет атқаратын аумақтың макетін дайындайды. Көптеген командалар жарысты аяқтай алмайды, мәре сызығына жетіп келгендер үш сыйлық — алтын, күміс немесе қола медальдердің бірін алады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates