Шараға 90 елден 2500-ге жуық қатысушы, сонымен қатар мемлекет және үкімет басшылары, БҰҰ, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысқаны айтылды.
Ашылу салтанатында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мұздықтардың тез еруіне байланысты жаһандық ынтымақтастыққа шақырды және оларды зерттеу үшін кешенді экспедиция ұйымдастыруды ұсынды. Э.Рахмон өз сөзінде Тәжікстанның бастамасымен 2025 жыл Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы болып, ал 21 март Дүниежүзілік мұздықтар күні деп жарияланғанын айтты.
Тәжікстан президенті мұздықтарды қорғаудың жаһандық стратегиясын құру, сондай-ақ Мұздықтарды сақтаудың халықаралық қорының қаражатын ұлғайту қажеттігін атап өтті. 2025-2034 жылдарды Криосфералық ғылымдары бойынша әрекеттердің онжылдығы деп жариялау туралы Франциямен бірлескен ұсыныс та алға тартылды.
Жоғары деңгейдегі жалпы мәжілісітегі сөйлеген сөзінде А.Абдухакимов Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі мен тұрақты даму үшін мұздықтарды сақтаудың маңыздылығын айтты. Министр Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан экологиялық реформаларды, соның ішінде «Жасыл кеңістік» бастамасын, Арал теңізінің құрғаған түбін көгалдандыру, жасыл технологиялар мен суды үнемдеу жүйелерін енгізу жобаларымен таныстырды.
Қатысушылар осы жылдың июнь айында Ташкент қаласында өтетін “Eco Expo Central Asia” көрмесіне де шақырылды.
Министрлер диалог шеңберінде климаттың тұрақтылығы, мұздықтарды сақтау, су саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Өзбекстан экологиялық саясатқа кешенді жанасуды ұсынды: «жасыл» экономика стратегиясы, Ұлттық бейімделу жоспары, Өзбекстан Республикасы Президенті қасындағы Климаттық кеңесі мен Ұлттық климаттық орталықты құру. RESILAND жобасы (142 миллион доллар), Коперник бағдарламасы шеңберінде Еуропа Одағымен ынтымақтастық және мұзды көлдерді моиториг жасау бойынша ЮНЕСКО-ның жобаларына қатысуға ерекше назар аударылды.
Климаттануға арналған сессияда аймақ елдері климат бойынша бірыңғай деректер базасын жарату қажеттілігін талқылады. Өзбекстан Орталық Азияны «жасыл» даму концепциясын аяқтау және 2026 жылға арналған «жол картасын» дайындау үшін сарапшылар тобын қалыптастыруды ұсынды. Сонымен қатар Орталық Азия қоршаған орта мен климаттың өзгеруін зерттеу университетінің ("Green University") Экология, суды үнемдеу және қайта тіктелетін энергия салаларында кадрлар даярлаудың ғылыми платформасы ретіндегі рөлі де расталды.
Өзбекстанның бастамасымен “Markaziy Osiyo+YaIJ” форматында дөңгелек үстел сұхбаты ұйымдастырылып, онда аймақтық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары мен Жасыл климат қорымен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Өзбекстан тарапының Жасыл климат қорымен үйлестіру жөніндегі мемлекетаралық жұмыс топты құру туралы ұсынысы бірауыздан қолдау тапты. Бұл жоба концепциялары жинағын қалыптастыру және бейімдеу бастамалары қаржыландыруды арттыру мүмкіндігін береді.
Конференцияда «Су, жер және климаттың өзгеруі (NEXUS)» айәмақтық бағдарламасын талқылаумен аяқталды. Орталық Азия елдерінің өкілдеріне GEF-ка 26 миллион долларлық қорытынды жобалық құжаты ұсынылғаны туралы мәлімет берілді. Өзбекстан аймақтағы басқа елдермен бірге өзгермелі климат жағдайында су және жер ресурстарын тұрақты басқаруға бағытталған осы кең көлемді бастаманы жүзеге асыруда алдағы уақытта да қатысуға дайын екенін білдірді.






