Өзбекстандағы парламент сайлауларының қорытындылары Қытайдың талдау орталықтарының көзқарасымен

    «Қытай және жаһандану» талдау орталығының сайтында Өзбекстанда өткен парламенттік сайлауға арналған мақала жарияланды.

    Порталдың жазуынша, Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының шақыруына орай «Қытай және жаһандану» орталығының өкілдері парламенттік сайлауға халықаралық бақылаушы ретінде қатысты.

    «Өзбекстанға сапары барысында олар бірқатар сайлау учаскелерін аралап, мемлекет туралы толығырақ ақпарат алды, Өзбекстан парламенті сайлауындағы дауыс беру барысын бақылады», - делінген мақалада.

    Сайлауға әлемнің түкпір-түкпірінен 850-ден астам халықаралық бақылаушы, халықаралық ұйымдар мен шетелдік сайлау комиссияларының өкілдері қатысқаны атап өтілген.

    Қытайлық бақылаушылар миссиясының мүшелері Өзбекстанда өткен парламенттік сайлауға оң баға беріп, демократиялық, ашық және жариялылықпен өткені республиканың саяси ашықтығы мен бауырмалдылығын көрсетеді деп санайды.

    Мақалада 37 миллионнан астам халқы бар және тұрғындардың орташа жасы 27 жасты құрайтын Өзбекстан Орталық Азиядағы ең көп халқы бар, даму әлеуеті зор екені айтылған.

    Қытай және жаһандану талдау орталығының сайты, сондай-ақ, «Қазіргі сайлауларда елімізде алғаш рет аралас сайлау жүйесі, яғни мажоритарлық және пропорционалды жүйе қолданылды. Сайлауға тіркелген сайлаушылардың 74,72 пайызы қатысты», - делінген хабарда.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates