Мемлекет басшысы Баку қаласында өтетін БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) бірінші саммитіне қатысады.
Іс-шараның күн тәртібінде бағдарлама аясында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, өңірлік жобаларды қолдаудың мақсатты қорын құру, көлік дәліздерін цифрландыру бойынша «жол картасын» қабылдау, бизнес-бастамаларды ілгерілету және басқа да мәселелер орын алған.
СПЕКА бағдарламасы аймақ елдерінің экономикалық ынтымақтастығын дамыту және олардың әлемдік экономикаға интеграциялануына көмектесу мақсатында 1998 жылы 26 наурызда Ташкент декларациясына сәйкес құрылған. Қатысушы елдер Өзбекстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан.
Осы күндері Бакуде экономикалық форум мен Орталық Азия елдерінің өнеркәсіптік әлеуетінің көрмесін қоса алғанда, СПЕКА бірқатар іскерлік іс-шаралары өтеді.