Кездесуге «TAQA» компаниясының басшысы Джасим Хусайн Табет пен «Масдар» компаниясының басшысы Мухаммад Джамиль әл-Рамахи де қатысты.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың бірлескен жобаларын қолдау және ілгерілету мәселелері қаралды.
Экономиканың басым салаларында серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.
Энергетика саласындағы ынтымақтастық кеңейіп келеді. Сапар аясында осы бағытта «Масдар» компаниясымен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы «Масдар» компаниясының бас директоры Мухаммад Джамиль әл-Рамахиге көп салалы Өзбекстан-БАӘ қарым-қатынасындамытуға қосқан жеке үлесі үшін Өзбекстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Достық» орденін табыс етті.