Кездесуде Өзбекстан мен Беларусь арасындағы көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу басында Наталья Кочанова Мемлекет басшысына Беларусь Президенті Александр Лукашенконың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Өзбекстан Президенті биылғы жылдың ақпан айында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, диалог пен алмасулардың жанданып келе жатқанын атап өтті.
Тауар айналымы көлемі артып, өнеркәсіптік кооперация жобалары сәтті жүзеге асырылуда, өңіраралық іскерлік байланыстар нығайып, мәдени-гуманитарлық бағдарлама аясындағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Осы күндері Ташкент қаласында өтіп жатқан парламенттер аясындағы бірлескен іс-шаралар, соның ішінде Өзбекстан Олий Мажлисіндегі кездесулер мен екінші әйелдер бизнес форумының нәтижелері жоғары бағаланды.
Екі ел арасында сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да басым бағыттардағы ынтымақтастықтың нақты жобаларын ілгерілетуге бағытталған белсенді парламентаралық диалогты жалғастыру қажеттігі атап өтілді.