Кездесу басында жоғары мәртебелі қонақ Мемлекет басшысына Иордания Королі Абдулла II ибн әл-Хусейннің шынайы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Өткен жылы Самарқандта жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында Өзбекстан–Иордания ауқымды серіктестік қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Екі жақты байланыстар мен тәжірибе алмасулар белсенді сипат алғаны айтылды. Өзара сауда көлемі мен бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді.
Парламенттерде құрылған «достық топтарының» жұмысын «жол картасы» негізінде белсенді ету, олардың мемлекет басшылары арасындағы келісімдердің тиімді іске асырылуына қосқан үлесін күшейту маңызды екені атап өтілді.
Сауда, өнеркәсіптік кооперация, туризм және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аударылды.
Атап айтқанда, биыл Ташкент қаласында өтетін Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысын және жетекші компаниялардың бизнес форумын жемісті өткізу қажеттілігі баса айтылды.
Сонымен қатар, маңызды халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасылды.