Шавкат Мирзияев Халықаралық конференцияда маңызды бастамаларды алға тартты

    Билік 15 Noyabr 2022 6703

    Ташкент қаласында кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған ІІ Дүниежүзілік конференция өтуде.

    15 қарашада осы конференцияға Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев қатысып, маңызды бастамаларды алға тартты.

    Конференция әлемде 2030 жылға дейінгі мектепке дейінгі білім беру саясатын анықтауға және осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Оған ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азуле, 150-ге жуық елдің министрлері мен өкілдері, халықаралық ұйымдардың ресми делегаттары қатысуда.

    Мемлекет басшысы сөзінің басында әлемдегі миллиондаған баланың бастауыш білімге қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі екенін, мамандардың бірігіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру маңызды екенін айтты. Өзбекстанда «адамның қадір-қасиеті, оның құқықы мен мүддесі – ең жоғары құндылық» деген қағида негізінде халыққа лайықты өмір сүру жағдайлары жасалып жатқаны атап өтілді.

    – Осы орайда біз, ең алдымен, жастар мен балаларға көңіл бөліп, оларды физикалық және рухани жағынан тәрбиелеуге ерекше мән берудеміз. Балаларды жас кезінен дамыта отырып, біз олардың болашақта өзін толық көрсетуіне берік негіз жасаудамыз. Осынау, біздің игі мақсат жолында жұмсалған инвестиция ертең бірнеше есе артып қайтары сөзсіз, – деді Шавкат Мирзияев.

    Бұған дейін республикада мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 27 пайызға дейін төмендеген болатын. Балабақшаларда заманауи нұсқаулықтар жоқ, ғимараттар нашар жағдайда еді.

    Сондықтан да Мемлекет басшысы осы буынға ерекше мән беріп, жастайынан кемел ұрпақ тәрбиелеу саясатын айқындап берді. Өзбекстан Президентінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі жарлығына сәйкес Мектепке дейінгі білім беру министрлігі құрылды. Балабақшаларды салу және жөндеу, оқытудың озық әдісі мен методикасын енгізу бойынша ауқымды жұмыстар басталды.

    Өнеркәсіпті дамыту үшін жеке сектордың да енуіне мүмкіндік жасалды. Әрбір тәрбиеленушіге мемлекеттік бюджеттен субсидиялар енгізілді. Алыс және шалғай елді мекендерде мыңдаған отбасылық балабақшалар ашылды.

    Соның нәтижесінде соңғы жылдары мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 6 есеге артты. Мұғалімдер мен педагогтардың саны 3 есеге өсіп, 160 мыңға жетті. Осылайша, балабақша жасындағы 2 миллион 800 мың баланың 2 миллионы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

    Мемлекет басшысы білім беру жүйесіндегі адалдық мәселесіне де тоқталды.

    – Біз елімізде Үшінші жаңғыруды орнықтыруды стратегиялық міндет етіп, ұлттық идея деңгейіне көтеру мәселесін көтеріп отырмыз. Біз мектепке дейінгі білім мен мектеп білімі, жоғары білім беру жүйесін және ғылыми-мәдени мекемелерді болашақ Қайта өрлеу дәуірінің төрт ажырамас буыны ретінде көреміз. Балабақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері, профессорлар мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауымды жаңа жаңғырудың төрт тірегі деп білеміз, деді Президент.

    Осы орайда ұлттық тәжірибе мен озық әлемдік жетістіктерді ұштастыру арқылы жұмыстар жүргізілуде. Осыны дәйекті түрде жалғастыра отырып, 2025 жылда балаларды мектепке дейінгі білім мен қамту деңгейін 80 пайызға жеткізу көзделген.

    Өзбекстан Президенті саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша маңызды бастамаларды алға тартты. Атап айтқанда, кіші жастағы балаларға сапалы білім беру мәселелерін жаһандық деңгейде тиімді шешу, бірлескен жедел шешімдер мен жүйелі тәсілдер әзірлеу мақсатында бұл халықаралық конференцияны тұрақты негізде өткізу ұсынылды.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес барлық күш-жігерді үйлестіру үшін Ташкентте ЮНЕСКО-ның аймақтық орталығын құру туралы бастама көтерілді.

    Кіші жастағы балалар білімі жөніндегі әлемдік ұйыммен бірлескен жобалар және зерттеулер жүргізу, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, әдістемелік құралдарды дайындаудың кешенді бағдарламасын әзірлеу қажеттігі айтылды.

    Осы саладағы озық тәжірибе, заманауи интерактивті оқыту әдістері, практикалық білім және дағдылармен алмасу мақсатында халықаралық білім беру қызметкерлерінің қоғамдастығын құру бастамасы көтерілді.

    Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан 2024 жылы өтетін болашақ саммиттің негізгі тақырыптарының бірі ретінде кіші жастағы балаларға білім беру мәселесін қосудың маңыздылығы сөз болды.

    Конференция әр түрлі тақырыптардағы салалық отырыстармен жалғасты. Шара соңында Ташкент декларациясы қабылданады.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates