Әзірбайжан басшысы Өзбекстан Президентіне БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) бірінші саммитін қолдағаны және оған жеке өзі қатысқаны үшін шынайы алғысын білдірді.
Мемлекет басшысы өз кезегінде Әзірбайжан Президентін СПЕКА-ға табысты төрағалық етуімен құттықтады.
Өзбекстан-Әзербайжан достығы мен стратегиялық серіктестік қарым-қатынасын одан әрі нығайту, оның ішінде жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Жүйелі және тиімді диалогтардың арқасында Өзбекстан-Әзербайжан қарым-қатынастары сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеріліп, практикалық мазмұнмен байығаны атап өтілді.
Жыл басынан бері тауар айналымы 34 пайызға артқан. Автокөлік, электротехника, тоқыма, энергетика, ауыл шаруашылығы және жібек салаларында ынтымақтастық жобалары жүзеге асырылуда. Көлік-логистика саласындағы перспективалық жобалар дайындалуда.
Мемлекет басшылары өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыттары бойынша да пікір алмасты. Химия, энергетика, зергерлік өнер, машина жасау, құрылыс және басқа да салалардағы перспективалық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.
Мәдени-гуманитарлық алмасуды одан әрі кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Әзірбайжан Президентін өзіне қолайлы уақытта Өзбекстанға ресми сапармен келуге шақырды.