Кездесу басында Қазақстан Премьер-Министрі Өзбекстан басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастар тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды, соның ішінде сауда, өнеркәсіптік кооперация және логистикалық жобаларды ілгерілету мәселелерін толық көлемде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Осы орайда бірлескен Үкіметаралық комиссияның тиімді жұмысын жалғастыру маңызды екені айтылды.