Кездесу басында мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жақын достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Парламенттер, үкіметтер, өңірлер және іскерлік топтар деңгейінде жүзеге асырылып жатқан белсенді ынтымақтастық байланыстары айрықша атап өтілді.
Айтылғандай, бірлескен Үкіметаралық комиссия тиімді жұмыс істеуде. Тауар айналымы тұрақты өсіп келеді, ал өнеркәсіп, энергетика, көлік, экология және су ресурстарын пайдалану салаларындағы кооперациялық байланыстар жүйелі түрде кеңейіп отыр.
Кездесу барысында экономикалық жобаларды жеделдету, сирек металдар саласындағы ынтымақтастықты жолға қою, туристік ағынды арттыру, сондай-ақ гуманитарлық алмасу бағдарламаларын, соның ішінде ғарыш және креативті экономика бағыттарында кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралардың күн тәртібін мұқият дайындаудың маңыздылығы атап өтіліп, халықаралық және аймақтық саясат мәселелері бойынша пікір алмасылды.