Өзбекстан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентін құттықтады

    Билік 6 Iyul 2021 4681

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Мемлекет басшысы Елбасыны бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және үлкен табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

    Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи Қазақстанды құрудағы және елдің халықаралық аренадағы беделін арттырудағы, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік қатынастар мен стратегиялық серіктестікті нығайтудағы, сондай-ақ аймақтағы тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудегі ерекше рөлі атап өтілді.

    Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм салаларындағы басым жобаларды, мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен бағдарламаларды ілгерілетудің маңыздылығы сөз болды.

    Президенттер аймақтық күн тәртібі, бірінші кезекте Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқандығы туралы пікір алмасты.

    Болашақ екіжақты және көпжақты іс-қимыл жоспарларының мәселелері, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Орталық Азия Көшбасшыларының кезекті консультативті кездесуін өткізу мәселелері талқыланды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates